Journal article
Қыпшақ-ноғай тілдерінің лексикологиясы: зерттелуі мен әдіснамалық мәселелері
Abstract
Мақалада түркі тілдерінің классификациясы бои̮ынша қыпшақ-ноғаи̮ тілдеріне жататын қазақ, қарақалпақ және ноғаи̮ тілдерінің лексикологиясына қатысты зерттеулердің негізгі бағыттары, өзекті тақырыптары мен әдіснамалық мәселелері қарастырылады. Аталған тілдердің лексикасына қатысты бүгінгі зерттеулердің жаңа міндеттерін аи̮қындау және өзекті мәселелерін саралау үшін, ортақ тарихи даму кезеңдерінен өткен қыпшақ-ноғаи̮ тілдеріне қатысты бүгінгі күнге деи̮інгі зерттеулердің әдіснамалық мәселелеріне талдау жасау маңызды. Осы мақсатта қазақ, қарақалпақ және ноғаи̮ тілдерінің лексикологиясы бои̮ынша әр тілді жеке-жеке қарастырған зерттеулер мен жалпы түркі тілдеріне қатысты салыстырмалы лексикологиялық зерттеулер жинақталып, талдау жасалады.
Keywords
82 views · 106 downloads
