IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
  • Cilt: 8 Sayı: 2
  • АНТОНИМИЯ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ

АНТОНИМИЯ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ

Authors : Aysulu Nurtaeva
Pages : 261-268
View : 24 | Download : 26
Publication Date : 2025-04-30
Article Type : Research Paper
Abstract :Мақалада тіл білімі саласындағы антонимия және сөзжасам мәселелері мен зерттелуі қарастырылады. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, оның бірліктерін, заңдылықтарын, амал тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілер мен мағыналарды, сондай ақ сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді. «Сөзжасам» термині екі негізгі мағынада қолданылады. Біріншіден, ол тілде жаңа сөздердің қалыптасу процесін білдіреді. Сөзжасамдық процестердің мәні жаңа атаулар мен екінші реттік бірліктердің жасалуы болып табылады. Екіншіден, «сөзжасам» термині лексикалық бірліктердің құрылу процесін зерттейтін ғылым саласын білдіреді. Антонимия - тілдің маңызды лингвистикалық әмбебаптарының бірі, тілдің лексикалық-семантикалық жүйесінің маңызды критерийлерінің бірі. Антонимия біртекті заттардың, құбылыстардың, әрекеттердің, қасиеттердің айтарлықтай айырмашылықтарын көрсететін қарама-қайшылықтардың жалпылығына негізделген. Антонимия әдеби сөз қолдану нормаларында берілген. Әдеби тілде сөйлейтіндерге ең маңызды және өз тіліне тән сөздердің максималды қарама-қайшылығы ретінде анықталады. Антонимдік сөзжасамдық мағына деп бір ұғымдар тізбегінде тұрып, қарам-қарсы мағына беретін сөзжасам типтерін айтуға болады. Қазақ тіліндегі антонимия мен сөзжасамның өзара әрекеттесуінің тағы бір түрі сөзжасам жүйесінің бірлігі деңгейінде, сөзжасам ұясы ретінде жүзеге асырылады. Қазақ тілінде сөзжасамның антонимдері көбінесе сөзжасамдық тұтас тізбектердер де көрініс табады. Бұл антонимдік жұптың мүшелері ретінде әрекет ететін антонимдік сөздерді біріктіретін сөзжасам ұясы. Тұтас сөзжасамдық ұя - бұл контекстің жалпылығымен сипатталатын туынды қатынастармен реттелген сөздер жиынтығы. Сөзжасамдық антонимиялық сөздер бастапқыда антонимдік қатынастарды білдірмейтін және антонимдік мағыналарға ие болатын құбылыс болады, өйткені оларда тек антонимдік мағыналары ғана бар. Антонимдік мағыналарды олардың семантикалық құрылымында ғана көрінеді. Бұл, мысалы, антонимдік зат есімдер кедей-бай, кедейлік-байлық лексикалық антонимдердің маңызды сөзжасамдық байланыстарын айқын көрсетеді.
Keywords : Антонимия, сөзжасам, бірліктер, айырмашылық, жұп, қарама-қарсы, мағына

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026