IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
  • Cilt: 8 Sayı: 2
  • (ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ)

(ҚОЖА АХМЕД ЯСАУИ ЖӘНЕ СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ)

Authors : Zhuldyz Kopbayeva, Gülmira Abdrasilova, Gulnaz Beisenbekova
Pages : 314-324
View : 25 | Download : 23
Publication Date : 2025-04-30
Article Type : Other Papers
Abstract :Мақалада Орта Азияның көрнекті философы, сопылық ақын жəне ислам уағызшысы Ахмед Ясауидің өмірі жəне рухани мұралары «Диуани хикмет», «Пақырнама», «Көңілдің айнасы», «Тариқат əдебі туралы баян» шығармалары мен аңыздары кемелдікке жеткізер қағидалары, діни-сопылық принциптермен қатар оқыту, білім беру, адалдық, ізгілік, жақсылық, жамандық, төзімділік, достық пен сүйіспеншілікті құрметтеу, əділеттілікті насихаттағаны туралы сөз болады. Ахмет Ясауидің ілімі мен мұралары қаншама заман өтсе де, мəнін жоймай келе жатқан қазына. Əсіресе Ясауи бабаның «Диуани хикметі» Алтайдан Анадолыға дейінгі кең-байтақ өлкеде тіршілік ететін түркілер арасына кең тарап, олардың өмір салтының, салт-дəстүрінің, əдет-ғұрпының, құндылықтарының ажырамас бір бөлшегін құрады. Хикметтер мың жылға жуық уақыт бойы көшпелі жəне отырықшы халықтардың дінін, тілі мен ділін моральдық, этикалық, психологиялық негізде қарастырылуда. Түркістан өңірінен түлеп шыққан сан түрлі ұлыстың бастан кешірген қилы тағдыры Əзірет Сұлтанның өшпес өнегелерімен бірге өрілген. Ұлан-ғайыр тарих жазығына көз салған əр адамның назарына, ең алдымен, елдің өткені мен бүгініне, келешегіне өң берген тау тұлғалар мен олардың өрнекті-ғибратты істері ілінері анық. Тіл, мəдениет, əдебиет, өнер, руханият, тəлім-тəрбие, мемлекет ісі сияқты салаларда Түркі пірінің қолтаңбасы жатыр.Ол ежелгі əдеби, мəдени дəстүрді Құран рухында қайта жаңғыртып, діни-рухани насихаттар шоғырына айналдырды. «Сопылық - адамның рухани, бейбітшілік, жанның тазаруы арқылы Құдайға жақындау мəселелерімен айналысатын ілім. Қожа Ахмет Ясауи сопылықтың төрт кезеңін: сопылық Шейхтегі мурид рөліне мойынсыну; шариғат - Құдайдың өсиеттері мен ислам заңдарының жиынтығы; Құдайды ақылмен емес, жүрекпен білу; жəне ақиқат – шындықты толық түсіну» ұсынып, уағыздайды.
Keywords : Düzeltme, Erratum, Қожа Ахмед Ясауи Жəне Сопылық Дүниетаным

ORIGINAL ARTICLE URL
VIEW PAPER (PDF)

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2025