Journal article
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ СИПАТЫ
Abstract
Мақалада ортағасырлық түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасының тарихи, әлеуметтік, мәдени алғышарттарына жүйелі түрде тарихи-философиялық талдау жасалып, оның философиялық көзқарастарының қайнар көздері түркі және ислам дүниетанымының өзара кірігуі қарастырылды. Ойшыл-ақынның дүниетанымдық көзқарастарында ислам мәдениетінен нәр алған түркі философтарының ислам әлемімен мәдени сұхбатына негіз болатын - түркілік-исламдық рухани құндылықтарды нақты іс жүзінде әлеуметтік салада қолданудың алғаш моделі жасалынды. «Құтадғу білік» шығармасы арқылы Жүсіп Баласағұн түркі халықтарының жазба әдебиетінің негізі - түркі тілінде философиялық ой кешу үрдісін қалыптастырды. Сондықтан поэтикалық формадағы үлгілерді ұсынып, күрделі сипаттағы образдарды ашу әдісі шығыстық дүниені түсінудің өзіндік ерекшелігі екендігін тұжырымдауға болады
Keywords
35 views · 37 downloads
