IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Issue:116
  • М.ӘУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» РОМАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ-САЯСИ МАҢЫЗЫ...

М.ӘУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» РОМАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ-САЯСИ МАҢЫЗЫ

Authors : Zhanar Abdigapbarova
Pages : 31-71
Doi:10.59358/ayt.1336469
View : 141 | Download : 77
Publication Date : 2023-12-30
Article Type : Research Paper
Abstract :Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар сөзінің биік парасаты – Абай даналығынан көрінсе, сол дәстүрді кейінгі әдебиетте Алаш қайраткерлері қайта жаңғыртты. Алаш қайраткерлері сол замандағы қандай қиындыққа да төтеп беріп, ХХ ғасыр басында ел мәдениеті мен әдебие¬тін жаңаша дамытуға бар-күш-жігерін жұмсады. Алаш қозғалысына атсалысқан қайраткерлердің бірі жазушы Мұхтар Әуезов қазақ жұртының ұлттық намысын оятуға, тарихи сананың жаңғыруына айрықша еңбек етті. Алаш идеясы – жас жазушының көзқарасын қалыптастырған үлкен саяси мектеп еді. Алаш жолындағы қайраткерлік миссиясын М.Әуезов өзінің «Қилы заман» романында толыққанды жүзеге асырды. Жазушының шығармашылық жолындағы үлкен белестің бірі де осы «Қилы заман» романы болатын. Аталған шығарма жазушының шығармашылық эволюциясын, күрделі прозалық жанрда тарихи мәні бар құбылыстарды меңгеруге, ұғынуға көмектеседі. Шығармада автор ХХ ғасырдың алғашқы жылдары Ресей патшалығының қазақ халқына жасаған отаршылдық зардаптарын батыл суреттейді. Шығарма жазылған уақытта Мұхтар Әуезов Ленинград Мемлекеттік университетінің студенті еді. Роман 1928 жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан» баспасынан жарыққа шықты. \"Қилы заман\" 1916 жылы қазақ даласында орын алған ұлт-азаттық көтерілісін суреттеуге арналған қазақ әдебиетіндегі тұңғыш саяси роман. Алаш жолы – қазақ жолы екенін ұғынған жазушы халқымен бірге өзі де «қилы тағдырды» басынан кешіп, алаш аманатын біздің дәуірге жеткізді. Мақалада М.Әуезовтің «Қилы заман» романы зерттеу нысанына алынып, оның жанрлық ерекшелігіне, тарихи-саяси маңызына тоқталып, отаршылдыққа қарсы азаттық идеясы постотарлық көзқараспен сараланады.
Keywords : Alaş hareketi, milli kurtuluş ayaklanması, Kıly zaman, roman, Kazak edebiyatı

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026