IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Issue:117
  • ЮНУС ЭМРЕ МҰРАСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ МОТИВТЕРДІҢ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАЙЫНДА...

ЮНУС ЭМРЕ МҰРАСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ МОТИВТЕРДІҢ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАЙЫНДА

Authors : Shakir Ibrayev
Pages : 1-14
Doi:10.59358/ayt.1437705
View : 45 | Download : 33
Publication Date : 2024-03-31
Article Type : Research Paper
Abstract :Сопылық поэзияның тезаурусын құрайтын ашық (ғашық), дерт, мүскін, ғаріп, бейшара, жан (мен), тән (менікі, жанның мүлкі) сияқты сөздердің мотивтік бірліктерге негіздеме ретінде алынатын қызметі Юнус Эмре поэзиясына да, Абай мұрасына да тиесілі дәстүр. Солай бола тұра екі ақынның дүниетанымына және әлеуметтік контексте қолданысына қарай бұл сөздердің мәні өзінің символдық, таңбалық қызметімен оқшауланып тұрады. Юнус Эмре өлеңдерінде ғашық болудың, дертке шалдығудың, ел кезіп күн кешудің қиындығы сопылық дүниетанымға байланысты болса, Абайда бұл ұғымдардың бәрі де әлеуметтік жүк арқалайды. Абайдың дерті, жан-дүниесінің қиналған жайы, ғаріптік ахуалы тікеден тіке әлеуметтік жүйенің зардапты нәтижесі. Ашық поэзиясындағы ел қыдырған кезбенің бейнесі оның әрекетімен, дертті ахуалымен бірлікте пайымдалады. Кезбе тіршілік ақиқатты іздеген сопының образымен мағыналық үйлесім табады. Кеңістіктегі қаңғыбастың ғашығына қарай ұмтылысы ауыр тағдырмен, сағынышпен, қиындықпен, жүдеу тұрмыспен қосақталған. Кезбе тіршілік ¬– рухани ізденістің, жоғын жоқтаған субъект өмірінің мәнін ашады. Абай болса бұларды символдық мағынаға ауыстырады: «ішем деп бейнет сусынын», «мендей ғаріп кез болса», «іштегі дертті жоярсың» сияқты өлең жолдары жан-дүниедегі қиналыстың мәнін таңбалық жүйемен жеткізген. Бейнелілігі ұқсас болғанымен, арқалайтын мағыналық жүктемесі басқаша. Мақалада Юнус Эмре поэзиясындағы мотивтердың Абай өлендеріндегі трансформациялық өзгерісі, әлеуметтік мәні қарастырылады.
Keywords : gelenek, aşıklık şiiri, motif, aşık, aşk, keder, miskin, ruh, beden

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026