Б. Г. ЕРЗАКОВИЧ – ҚАЗАҚ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ МЕН ТІЛІН ЗЕРТТЕУШІ
Authors : Tynysbek Konyratbay
Pages : 1-17
Doi:10.59358/ayt.1444195
View : 94 | Download : 50
Publication Date : 2024-06-30
Article Type : Review Paper
Abstract :Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің туу, қалыптасу және даму жолдарын сөз еткенде Қазақ КСР-нің өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Б. Г. Ерзаковичтің есімі ерекше еске оралады. Ол ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ музыка өнеріне белсене араласып, фольклорлық мұраларды жинаушы, зерттеуші және композиторлық шығармашылықпен айналысқан алғашқы кәсіби мамандардың бірі. Халық әндерінің көркемдік жүйесі мен жанрлық ерекшеліктерін зерттеп, стиліне тереңдеген музыкатанушы. Оның қаламынан туған іргелі зерттеулері қазақ музыкатану ғылымының өсу жолдарын аңғартады. Сонымен бірге Б. Г. Ерзакович ірілі-ұсақты жанрларда музыкалық шығармалар жазып, композиторлық қырынан да таныла білген талант иесі. Мақалада оның қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбегі бірнеше салаларға жіктеліп қарастырылды. Алғашқысы – композиторлығы. Өмірінің әр жылдарында композитор ретінде бірқатар ірілі-ұсақты шығармалар жазып, әндер жинағын шығарды. Солай да болса Б. Ерзаковичтің жинаушылық, халық әндерін нотаға түсіру бағытындағы ізденістері елеулі болғандықтан бұл мәселелер де қамтылды. Мақаланың өзегін Б. Ерзаковичтің қазақ музыкатану ғылымына қосқан еңбектері құрады. Оған ғалымның «Песенная культура казахского народа», «Музыкальное наследие казахского народа», «У истоков казахского музыкознания» атты монографиялық зерттеулері, музыкалық-этнографиялық бағыттағы басқа да ізденістері арқау болды.Keywords : müzik kültürü, destansı gelenekler, şarkı sanatı, araştırmacı, folklorist
ORIGINAL ARTICLE URL
