«Қобыланды батыр» жырындағы дәуір белестері
Authors : Bakyt Abzhet
Pages : 59-73
Doi:10.59358/ayt.1451387
View : 24 | Download : 56
Publication Date : 2024-06-30
Article Type : Review Paper
Abstract :Автор өз мақаласында «Қобыланды батыр» жырының қазақ жыршыларының репертуарынан кеңінен орын алу себептерін қарастырады. Қобыланды батыр қатысатын соғыстар мен ондағы ұшырасатын адам аттары, тарихи оқиғалар мен фольклордағы уақыт пен кеңістік, эпоста келетін сюжеттер мен көне мотивтер, ескі ұғымдардың жаңаша пайымдалуы, заман талабына сай жырланып, жыршылардың өмір сүріп отырған уақытына жақын келу заңдылығы, жырдың композициясы мен қаһармандық эпостың табиғатына қатысты сөз қозғайды. Ғасырлар бойына ауыздан-ауызға таралып келген эпостың архаикалық эпостан қаһармандық эпосқа шейінгі даму кезеңдері мен оның эпос жанрының тарихи тұтастану кезеңдеріне, оның заңдылығы мен себептеріне тоқталады. Алтын Орда мемлекеті мен Ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы тұсында бұрынғы көне эпос қайта жанданып, көнеден келе жатқан бұл жырдың әр дәуірде түлеп, поэтикасының қайта жаңаша формада жырлана бастағаны көрініс табады. Дешті-қыпшақ кезеңінен бастау алатын бұл қаһармандық эпос өткен шақтан айтылатын болғандықтан кейінгі дәуірлердегі оқиғаларды, тіпті бірнеше ғасырдың тарихи кезеңдерін де ішіне қамтиды, әр ғасырдағы болған оқиғалар мен тарихи кейіпкерлер жырда араласып жүреді. Эпоста бұрынғы және кейінгі жаулар бір дәуірдің өкілдері болып айтылады, бұл фольклордағы барлық классикалық эпосқа тән дүниелер. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сенімді ұялату, эстетикалық тәлім беруде батырлық жырдың алатын орны айрықша. Кешегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халықтың рухын ояту үшін бұрын тыйым салынған жырларды қайта дәріптеуді қолға алу себептері де белгілі. Сол тұста қағаз бетіне түскен «Қырымның қырық батыр» секілді циклді жырлар ішіне енген «Қобыланды батыр» жырындағы тарихи анахронизмнің себептеріне тоқталады.Keywords : Kobılandı Batır, arkaik destan, Kırımın Kırk Kahramanı, destan, Deşt i Kıpçak, Nogaylı, Kızılbas, Kalmak, Kazak Hanlığı
ORIGINAL ARTICLE URL
