РУСТЫҢ БІРЛІККЕ КЕЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ РӨЛІ
Authors : Nosserbek Zangadiluly
Pages : 133-152
Doi:10.59358/ayt.1467176
View : 49 | Download : 62
Publication Date : 2024-09-30
Article Type : Review Paper
Abstract :Мақалада моңғол әскерлерінің қуатты әскери күшіне, шебер соғыс тактикаларына сүйене отырып, қысқа мерзімде орыс кінәздіктерін жаулап алу барысы, орыс кінәздары мен халқының шапқыншылыққа қарсы күрестері, Бату хан қолбасшылығындағы Шыңғыс Хан ұрпақтары қосындарының жаулап алу барысында орыс кінәздіктерінің ішкі қайшылықтары мен саяси бөлінуін де тиімді пайдалана білгендігі баяндалады. Жошы ұлысының негізінде құрылған Алтын Орда мемлекетінің өздері жаулап алған орыс халқына өзінің ұлттық мәдениетімен, мемлекет құру ұлы идеясымен ерекше әсер етуімен қатар, Рустың өзіне тән ұлттық мәдениетінің, православиелік ұлттық діни дүниетанымының, ұлы империялық мемлекет құру идеясының қалыптасуына ерекше әсер еткендігі дәлелденеді. Рустың Алтын Орда мемлекетінің құрамындағы орны сипатталады. Алтын Орда билігі кезінде Рустың саяси, экономика, сауда, дін, мәдениет, сырытқы байланыстар және басқа да салаларында елеулі өзгерістер мен жетістіктерге жеткендігі сарапталады. Рус кінәздіктерінің бірігіп келешекте Ресей империясын құруына осы Алтын Орда кезеңінде объективті түрде негіз қаланғандығы, Батыс жорығының рус өмірінде елеулі өзгерістер ала келгендігі, отандық тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен Қытай, Түркия, Иран, Ресей, Франция елдерінің тарихи жазбалары мен зерттеулері негізінде дәлелденеді.Keywords : Altın Ordu, Moğol askerleri, Rus knezliği, Ortadoks kilises
ORIGINAL ARTICLE URL
