IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Issue:120
  • МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

Authors : Gulmıra Saulembek
Pages : 107-125
Doi:10.59358/ayt.1541306
View : 26 | Download : 24
Publication Date : 2024-12-26
Article Type : Research Paper
Abstract :Мистика жанрындағы кейіпкерлер жүйесі баяндаудың тереңдігі мен әсерін анықтайтын, жанрдың өзіне тән ерекшелігін айғақтайтын негізгі элемент болып табылады. Өйткені кейіпкерлер арқылы мистикалық баяндауға тән негізгі тақырыптар, мотивтер, символдар ашыла түседі. Зерттеу жұмысының мақсаты – кейіпкерлердің мистикалық әдебиеттегі рөлін, олардың қызметі мен жанрдағы қалыптасу эволюциясын талдауға бағытталған. Зерттеуде мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің типологиясының даму кезеңдерін фольклормен және өзге әдеби жанрларман әрекеттесу, мекеншақ, наным, дүниетаным және түрлі мәдениеттер аспектісінде қарастыру міндеттері жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мистикалық әдебиеттегі архетиптік бейнелер жүйеленіп, олардың қазіргі мәтіндердегі өзгерістері талданады. Жанрлық ерекшеліктердің қалыптасуына ықпал ететін кейіпкерлер мен сюжеттік құрылымдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу классикалық әдебиеттану тәсілдері және салыстырмалы-типологиялық, мәдени-тарихи және семиотикалық талдау әдістері негізінде жүзеге асады. Зерттеу нәтижесінде «елес», «пері», «перизат» «албасты», «марту», «құбылған», «қансорғыш» сияқты мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің негізгі түрлерінің тек сюжеттік аясындағы ғана емес, сонымен бірге мәдени-тарихи контекст аясындағы типологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл зерттеу кейіпкерлер жүйесін саралау арқылы мистика типологиясын терең түсінуге, жанр теориясының жан-жақты зерделенуіне ықпал етеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы әдебиеттегі, атап айтқанда мистикадағы жанрлық құрылымдардың қалыптасу механизмдерін терең түсінуде жатыр. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның тұжырымдарын мистика жанрында жаңа әдеби шығармалар жасауда, сондай-ақ әдебиеттану курсын оқытуда қолдануға болады.
Keywords : mistisizm, folklor, mitolojik karakterler, mistik karakterler.

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026