IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Sayı: 121
  • СЫПЫРА ЖЫРАУ ЕСІМІНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ АРХАИЗМДЕР

СЫПЫРА ЖЫРАУ ЕСІМІНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ АРХАИЗМДЕР

Authors : Riza Almukhan
Pages : 85-102
Doi:10.59358/ayt.1599944
View : 25 | Download : 24
Publication Date : 2025-03-21
Article Type : Research Paper
Abstract :Ұсынылып отырған мақала Алтын Орда ықпалында болған түркі халықтарының ортақ мұрасы «Едіге» жырының кейіпкерi Сыпыра жырауға арналған. Бұл жыр Ноғай Ордасындағы тарихи оқиғаларға негізделген. Тоқтамыс хан да, Едіге би де өмipде болғаны анық. Ал Сыпыра жыраудың есiмi және ол айтты дейтін сөздер тек фольклорлық шығармалар арқылы белгiлi. Алтын Орда мен Ноғай Ордасының тарихына арналған зерттеулер бар. Дегенмен Сыпыра жырауға арналған зерттеу аз. Осының себебінен Сыпыра есімiнiң этимологиясы және жырда оған қатысты айтылатын сұп, сұм деген сөздердің қолданылуын талдайтын зерттеу жоқтың қасы. Ұсынылып отырған зерттеуде түркi тiлдес башқұрт, түрiк сөздерiмен салыстырулар жасалды. Сыпыра жырауға қолданылған эпитеттердің дұрыстығын анықтау үшін Ш. Уәлиханов жазып алған нұсқаға текстологиялық зерттеу жүргізілді. (Ш. Уәлиханов жинаған, аударған жырдың нұсқасын жариялаған орыс ғалымдары патшалық Ресей кезінде қазақты қырғыз деген атаумен бергенін ескереміз). Бұл зерттеудің мақсаты – түркi халқына ортақ мұраның тiлдiк ерекшеліктерін сақтау және сол арқылы Сыпыра есiмiнiң шығу тарихын анықтау. Зерттеудің мiндетi – түркi халықтарына ортақ фольклорлық мұpaның осы кезге дейін тасада қалып қойған кемшіліктерін анықтау. Зерттеудің нәтижесінде жыраудың есімін анықтауға жаңа пайым ұсынылады. Түркітану саласында алда тұрған міндеттер анықталады.
Keywords : Altın Orda, Nogay Orda, Sıpıra jırav, sup, sum

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026