- Türkoloji
- Sayı: 121
- “DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ...
“DÜRRÜʾL-ʿACĀYİB” ЖӘНЕ “RĀZRĀZNAMA” НЕГІЗІНДЕ АРАБ ГРАФИКАЛЫ ШЫҒЫС МӘТІНДЕРІН ОҚУ МӘСЕЛЕСІ
Authors : Kutlugjon Sultanbek, Mustafa Uğurlu, Dameli Bilalova
Pages : 103-124
Doi:10.59358/ayt.1621701
View : 56 | Download : 39
Publication Date : 2025-03-21
Article Type : Research Paper
Abstract :Орталық Азия территориясында араб әрпімен жазылған түркі тіліндегі еңбектер көптеп кездеседі. Себебі түркі халықтары Қарахандықтар кезеңінен бастап ХХ ғасырдың басына дейін аталмыш графиканы қолданып келді. Осы кезеңде жазылған түркі тіліндегі шығармалардың көбі діни бағытта. Десе де тарих, медицина, астрономия және басқа да салаларда жазылған мәтіндерді кездестіруге болады. Табылып жатқан мәтіндер зерттеушілер тарапынан зерттеліп, ғылыми айналымға түсуде. Кеңес дәуірінде араб графикалы мәтіндерді зерттеу мәселесі кенжелеп қалғандығы мәлім. Сол кезеңде жарияланған ортағасырлық мәтіндерге қарап, оқитын мамандардың да тапшы болғандығын байқауға болады. Ал тәуелсіздіктен кейін жалпы араб графикалы мәтіндерді зерттеу мәселесі түпкілікті қолға алына бастады. Маман тапшылығы да азайып, түпнұсқа мәтіндерді оқу қарқынды жүріп келе жатыр. Ендігі мәселе осы мәтіндерді дұрыс оқып, аудару, оқырманға дұрыс жеткізу сонымен қатар зерттеушіге қойылатын талаптардың орындалуы болмақ. Осы мақсатта мақалада соңғы классикалық шағатай тілінің тілдік ерекшеліктерін көрсететін “Dürrüʾl-ʿacāyib” және “Rāzrāznama” атты түркі тіліндегі қолжазбалары негізінде араб графикалы шығыс мәтіндерінің дұрыс оқылуы мәселелері қарастырылады. “Dürrüʾl-ʿacāyib” (“Ғажайыптар маржаны”) қолжазбасы – хадистер жинағынан тұрады. Жазылу тарихы белгісіз болғанымен қолжазбаның атауы алғашқы беттерде мәтін ішінде беріледі. 135 парақтан (270 бет) тұрады. “Rāzrāznama” (“Құпия кітап”) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының сирек қолжазбалар қорында 119 a нөмірінде сақталған. Аталмыш кітап діни мазмұнға ие, мәтінде харакат қолданылмаған.Keywords : Türkoloji, Arap harfli Türkçe metinler, Dürrüʾl-ʿacāyib, Razraznama
ORIGINAL ARTICLE URL
