IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Sayı: 122
  • ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ - ТҮРКІЛІК КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ...

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ - ТҮРКІЛІК КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

Authors : Erzhan Auelbekov, Seyfolla Bodikov, Nurjan Avelbekov
Pages : 79-120
Doi:10.59358/ayt.1684576
View : 44 | Download : 29
Publication Date : 2025-06-22
Article Type : Research Paper
Abstract :Мақалада түркілік көркем мәдениеттегі қазақ халқының ұлттық қолөнерінің орны мен өнертанымдық ерекшеліктері қарастырылады. Түркі әлемінің көркем мәдениетінде өзінің ауқымдылығы мен күрделі мазмұндылығы арқылы, тарихи кезеңдердегі түркі мәдениетінің маңызды буынын құрайтын қазақ ұлттық қолөнерінің этномәдени аспектілері өнертанымдық, дүниетанымдық жағынан талданады. Әсіресе тоқымашылық, тері өңдеу, ою-өрнек, зергерлік, ағаш пен металл өңдеу сияқты қолөнер үлгілері қазақ қолөнері мен түркі халықтарының ұлттық қолөнері арасындағы тығыз сабақтастықты айқындай түседі. Зерттеу түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау мен оны зерделеу барысында қазақ ұлттық қолөнерінің бірегей рөлін айқындау қажеттілігінен туындады. Қазақ ұлттық қолөнерінің түркілік көркем мәдениет жүйесіндегі орнын анықтау және оның көркемдік, рухани маңызын ғылыми тұрғыда зерделеу. Қазақ ұлттық қолөнерінің символдық мағынасы мен тарихи эволюциясы сипатталып, ұлттық қолөнерінің түркілік этномәдени бірегейлікті нығайтудағы маңызы қарастырылады. Түркілік көркем мәдениетте қазақ ұлттық қолөнері оның ажырамас бөлігі екендігі кешенді түрде семиотикалық, тарихи және мәдени салыстырмалы әдістер арқылы талданады. Қазақ қолөнерінің түркілік көркем мәдениетпен байланысын зерттеудің бірнеше негізгі нәтижелері мен ғылыми пайымдаулары жасалады. Түркі халықтары қолөнерінің кейбір салыстырмалы белгілері және қазақ қолөнері түрлерінің түркі халықтарындағы көрінісі анықталады. Символизм және эстетикалық дүниетаным тұрғысынан қазақ қолөнерінің түркі этномәдениетіндегі өзіндік орны айқындалып, құнды қорытындылар жасалады.
Keywords : Türk sanat kültürü, halk sanatları, el sanatlarında süsleme, sembolizm, Türk el sanatlarında genel içerik.

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026