ЭТНОДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ МОБИЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМАБАЙ ӘБІЛ
Authors : Pakizat Adiyeva
Pages : 31-52
View : 41 | Download : 56
Publication Date : 2025-09-27
Article Type : Research Paper
Abstract :Этнодеформация термині туралы әдеби ортамда алғаш сөз еткен ғалым Жұмабай Әбіл. Аталмыш ұғымның маңыздылығы туралы ғалымның пікірлерінде нақты айтылғанмен, практикада қолдану, ғылыми айналымға ену мәселесі кешеуілдеп, жүйелі түрде қаралып, ғалымның пікірін ары қарай зерттеген зерттеушілер болмады. Дегенмен ортада біраз жыл өткенде бұл ұғымның заманауи қажеттілігі өзінен-өзі алға шыққанын байқауға болады. Себебі этнодеформация мәселесі – көп жақты мәселе. Бұл терминдік тіркес ұлттық сана ауытқуының жеке адамдар тарапынан ғана әрекетке көшкен аралық кезеңді растау үшін қолданылады. Этнодеформациялық мобилизацияға қатысты айтылған Жұмабай Әбіл еңбегіндегі жаңа терминдердің жіктелуі, күрделілігі, әдебиетпен байланысы туралы мақалада сөз етеміз. Этнодеформациялық мобилизацияның өздігінен қозғалысы ұлттық сананың ауытқуынан туындайды. Адамдардың тілге, жерге, дінге бөлінуі жат рухтағы сананың ежелден қалыптасқан ортақ мәдениетті, сенімді мүлдем жоққа шығаратын, халық ішінен шыққан топтардың шектен тыс көбеюінің атауы. Бұл мобилизация халықтың өз ішінен жаңа бір этнос жасауға қызмет етеді. Мақалада Жұмабай Әбіл енгізген концепцияның өз еңбегінде қалай талданғанына, шығармаларда, сыни еңбектерде нақты қалай көрсетілгеніне ғылыми талдау жасалады.Keywords : etnodeformasyonel seferberlik, büyük ve küçük daire, etnodeformasyonel alan, kөzkaman, mangurt.
ORIGINAL ARTICLE URL
