ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ТҮРКІСТАНДЫ ОТАРЛАУ МӘСЕЛЕСІ
Authors : Beiimbet Alipbay
Pages : 159-180
View : 48 | Download : 49
Publication Date : 2025-09-27
Article Type : Research Paper
Abstract :Ресей империясының отарлау саясатының күшеюіне байланысты Түркістан өлкесіне қарашекпенділердің жылдам қарқынмен қоныс аударуы, оның мәні мен мақсаты ХІХ ғасырдың соңынан бастап зиялы қауым өкілдерін, зерттеушілер назарын өзіне аудара бастады. Сол себепті зерттеу жұмысымыз Ресей империясының Түркістан өлкесіндегі отаршылдық тарихының тарихнамасын зерттеуге арналған. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталып, кеңестік кезеңде ауқымы кеңейген бұл зерттеулерде Түркістанға көшіп келген қоныстардың пайда болуы, жергілікті халықтың жерсіздігі, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар сияқты мәселелерге объективті баға берілмеді. Орыс тарихнамасының үлкен бөлігі империяның отарлау саясатын заңдастыру мақсатында қоныстану мәселесіне біржақты көзқараспен қарады және бұл еңбектер сыни талдауды қажет етеді. Сол себепті зерттеу жұмысымызда барлық еңбектерге сыни көзқарастағы талдаулар да жасалатын болады. Бұл еңбектерді шартты түрде ресми көзқарасты көрсететін және салыстырмалы түрде объективті кезеңдегі жағдайды сипаттайтын шығармалар деп екіге бөліп қалай аламыз. Бұл тақырыптағы зерттеулер сол отаршылдық кезеңнен басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Зерттеу жұмысында патшалық Ресейдің Түркістан өлкесіндегі отарлау саясатының революцияға дейінгі зерттеулері де ескерілген. Бұл ретте зерттеу жұмысымызда Түркістан өлкесін отарлау мәселесі бойынша кеңестік және посткеңестік кезеңдегі отарлау тарихы туралы еңбектер сараланып, олардың ғылыми көзқарастары мен ұстанымдарына салыстырлмалы түрде талдаулар жасалады.Keywords : Orta Asya, Türkistan Vilayeti, Rusya, Sömürgecilik, İskân.
ORIGINAL ARTICLE URL
