IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Sayı: 123
  • ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ – КЕРЕ» ПОВЕСІНДЕГІ ОҚШАУЛАНУ ТАҚЫРЫБЫ...

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ – КЕРЕ» ПОВЕСІНДЕГІ ОҚШАУЛАНУ ТАҚЫРЫБЫ

Authors : Nuray Üçkarakaya, Assem Nurlanova
Pages : 135-158
View : 57 | Download : 587
Publication Date : 2025-09-27
Article Type : Research Paper
Abstract :Қазақ прозасы осы уақытқа дейін зерттелініп келсе де, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелерді қозғайтын, әлі күнге дейін басы ашылмаған тақырыптар, әлі де зерттеуді қажет ететін шығармалар жетерлік. Осы тұрғыдан алғанда, қазақтың біртуар жазушыларының бірі Оралхан Бөкейдің шығармашылығы көптеген зерттеулерге нысан бола алады. Қаламгердің барлық шығармалары оқырмандардың, сыншылардың назарына іліккен. Алайда, Оралхан Бөкейдің шығармашылығын, оның прозасын зерттеу жұмысы әлі де жеткілікті деп айтуға болмайды. Көрнекті жазушының «Атау - Кере» повесі әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған шығармаларының бірі. Мұнда ол Алтайдың тамылжыған табиғатын суреттей отырып, адамдардың тіршілігін баяндай отырып, бүкіл әлемге өзекті болып отырған мәселелерді өз заманымен, өз көзқарасымен, өз ортасымен байланыстыра отырып өзіндік шешіммен қозғайды. Солардың бірі-жалғыздық, ортадан оқшаулану мәселесі. Жалғыздық жаратылыста әр адамның басынан өтеді. Сол жалғыздықтан арылу әр кімге оңай соқпасы анық. Жалғыздықты әркім өз бетінше, өзі жолымен кешіреді, одан өз жолымен өтеді. Жалғыздықта қалу бір жағынан жақсы, екінші жағынан - қауіпті. Қауіпті болатыны, адам жалғыз қалғанда түрлі ойларға берілуі, ол ойлардың адамды жолдан адастыруы болып табылады. Жақсы болатыны - түрлі ойларды ойлап, саралап, өзіне керектіні алуы, адамның шешім шығару жолындағы ізденісі. Мақалада адамның жалғыздық кезінде терең ойға берілетіні философиялық, психологиялық тұрғыдан қарастырылады. Жалғыздық категориясы жан-жақты талданады. Оралхан Бөкейдің «Атау - Кере» повесінің кейіпкерлері арқылы қоғамнан белгілі себептерге байланысты оқшауланып кеткен кейіпкерлер олардың өмір жолымен, олар өмір сүрген заманмен бірлікте талданады. Бұл мақалада қаһармандардың оқшауланудан қалай арылғаны, сонымен қатарәрбіреуі үшін қауіпті болу себебі де қарастырылады. Авторлар Оралхан Бөкейдің «Атау Кере» шығармасындағы ар мен жан азабы, қазіргі қоғаммен салыстыра отырып, жазушының философиялық, психологиялық ойларын қазіргі заман көзқарасы арқылы салыстырып жеткізеді. Қазақ әдебиетіндегі жалғыздық тақырыбы, соның ішінде О.Бөкей шығармаларындағы жалғыздық мәселесі әлі күнге дейін жүйелі зерттелмеген. Бұл мақалада О.Бөкейдің «Атау-Кере» повесін негізге ала отырып, әдебиеттегі жалғыздық тақыры қарастырылады. Зерттеу барысында теориялық әдебиеттерге шолу, салыстыру, әдеби талдау, жүйелеу әдістері қолданылады.
Keywords : Kazak edebiyatı, Kazak nesri, Oralhan Bökey, edebiyatta yalnızlık teması, doğa ve insan.

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026