IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Sayı: 124
  • ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТКОЛОНИАЛЫҚ ДИСКУРС: ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ «ТОЗАҚ ОТТАРЫ ЖЫМЫҢДАЙДЫ» ПОВЕСІ НЕГІЗІ...

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТКОЛОНИАЛЫҚ ДИСКУРС: ТӨЛЕН ӘБДІКҰЛЫНЫҢ «ТОЗАҚ ОТТАРЫ ЖЫМЫҢДАЙДЫ» ПОВЕСІ НЕГІЗІНДЕ

Authors : Zhanar Abdigapbarova, Balzhan Suguraliyeva, Zhibek Nurzhigit
Pages : 21-48
View : 100 | Download : 190
Publication Date : 2025-12-19
Article Type : Research Paper
Abstract :1960 жылдардан бастап қазақ әдебиеті идеологиялық қалыпқа келудің күрделі жолынан өтті. Әдебиеттегі бұл үдеріс құндылықтардың өзгеруі мен қаламгерлердің әртүрлі көркемдік ізденістеріне бастау болды. Осы кезеңде әлем әдебиетінде постотарлық әдебиеттің негізі қаланды. Оған себеп әлемдегі көптеген отар болған елдер мен ұлттардың тәуелсіздік алуы еді. Әлем әдебиетінде постотарлық көзқараста жазылған шығармалар жарыққа шықты. Осы орайда постотарлық әдебиеттің көшін бастаған Үндістан, Африка, Австралия елдерінен шыққан Раджа Рао, Чинуа Ачебе, Нарайан, Дерек Уолкотт, Патрик Уайт секілді қаламгерлерді атап өту орынды. Қазақ прозасы 1960 жылдардың соңына қарай қайта өрлей бастады. Сталиндік тоталитарлық қысымнан кейін бірнеше жылға созылған үнсіздіктен кейін әдебиетке келген жас қаламгерлер сөз өнеріне тың ізденіс, жаңа леп әкелді. Мақалада Төлен Әбдікұлының «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі постколониалық аспектіде талданады. Зерттеудің мақсаты – шығармадағы авторлық идея арқылы отарлық үстемдіктің тарихи, мәдени және рухани зардаптарын анықтау. Шығарманы талдау барысында постколониалық теорияның негізгі ұғымдары – мәдени айырма, үнсіздік, жатсыну, ақ құтқарушы комплексі (White Saviour Complex) сияқты – теориялар жүйелі қолданып, салыстырыла зерттелді. Зерттеу нәтижесінде шығармада бейнеленген үндістердің тағдыры арқылы постколониалық трагедия жалпыадамзаттық рухани дағдарыстың көрінісі деген тұжырымға келдік. Тарихи шындықты ашып жазуға заман ерік бермеген кеңес кезеңінде тілінен, ділінен айрылудың алдында тұрған қазақ ұлтының басындағы қасіретті астарлы түрде жеткізуді мұрат тұтқан Төлен Әбдікұлының «Тозақ оттары жымыңдайды» повесін постотарлық дискурста талқылаудың маңызы зор деп білеміз.
Keywords : Postkolonyal, sömürgecilik, Kazak nesri, ulusal bilinç, özgürlük.

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026