IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Türkoloji
  • Issue:113
  • АБДУРАХМАН ӨЗКЕНДИДІҢ «ҚИССА-И ДАСТАН-И ЧИНГИЗ ХАН ~ ХАЗРЕТ-И МИР ТЕМҮРНІҢ ДАСТАНЫНЫҢ БАЯНЫ» АТТЫ КІ...

АБДУРАХМАН ӨЗКЕНДИДІҢ «ҚИССА-И ДАСТАН-И ЧИНГИЗ ХАН ~ ХАЗРЕТ-И МИР ТЕМҮРНІҢ ДАСТАНЫНЫҢ БАЯНЫ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors : Senbek UTEBEKOV, Zulfiya MUMİNOVA
Pages : 71-93
Doi:10.59358/ayt.1224434
View : 17 | Download : 5
Publication Date : 2023-03-29
Article Type : Review Paper
Abstract :Мақалада х. 1228/1813 жылы Түркістан аймағында Абдурахман Өзкенди тарапынан жазылған «Қисса-и дастан-и Чингиз хан ~ Хазрет-и Мир Темүрнің дастанының баяны» кітабы лингвистикалық тұрғыдан сараланады. Алдымен Шыңғысхан мен Әмір Темірдің өмірі мен ерліктеріне арналған тарихи-әдеби шығармалар жинақталған «Шыңғыснама» және «Тимурнама» нұсқалары жайында сөз етіліп, бұл нұсқаларға байланысты Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Татарстан секілді әр түрлі елдерде жарық көрген ғылыми зерттеулерге қысқаша шолу жасалады. Әсіресе, ескерткіштің тілдік ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдарға тоқталып, қазірге дейін жарық көрген ғылыми еңбектер жайында мәлімет ұсынылады. Тарихи салыстырмалы және салғастырмалы әдістерді негізге ала отырып, көне, ортағасырлық және қазіргі түркі тілдерінің жазба материалдарына сүйеніледі, сондай-ақ лексикалық, фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми сипаттама жасалады. Соның ішінде, қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінің тілдік көрсеткіштерін нақтылап алып, осылардың ішінде қайсысына тән ерекшелік басымдау, сол таразыға салынады. Ескерткіш тілінде кездесетін кейбір диалектілік, яғни түркі тілдерінің ешібірінің әдеби тіл нормасына сай емес, бірақ кейбір жергілікті сөйленістерінде қолданылатын тілдік элементтер де назарға алынады.
Keywords : Абдурахман Өзкенди, Abdurahman Özkendî, Cengiz Nâme, Timur Nâme, Ses Özellikleri, Şekil Özellikleri, Abdurakhman Ozkendi, Chingiznama, Timurnama, phonetic peculiarities, morphological indicators, Абдурахман Озкенди, Чингизнама, Тимурнама, фонетические особенности, морф

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026