IAD Index of Academic Documents
  • Home Page
  • About
    • About Izmir Academy Association
    • About IAD Index
    • IAD Team
    • IAD Logos and Links
    • Policies
    • Contact
  • Submit A Journal
  • Submit A Conference
  • Submit Paper/Book
    • Submit a Preprint
    • Submit a Book
  • Contact
  • Milli Kültür Araştırmaları Dergisi
  • Volume:4 Issue:1
  • Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері

Мақал-Мәтелдерді Оқытудың Тілдік Ерекшеліктері

Authors : Bolathan SARBASOV, T ERALİEVA
Pages : 96-100
View : 34 | Download : 14
Publication Date : 2020-06-01
Article Type : Research Paper
Abstract :Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бай. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдеріндегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығын қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасын шебер, орынды қолданылуына да назар аударады. Мақал-мәтелдерді оқып үйрену ана тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, тілімізді дамытып ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болады. Фольклордың басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер – халық оқулығы, өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан сақтандырады. Ең алдымен қарапайымдылыққа, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа мегзейді, еңбекке, ерлікке баулиды. Адалдықты, адамгершілікті мақтап, насихаттай отырып, оған қарама-қарсы арамдық, қараулық, өтірік-өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік секілді жарамсыз мінез-құлықтар сыналады. Мақал-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез келген уақиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Әрбір халықтың жас буынды тәрбиелеу ісінде сүйенетін ұлттық тәлімі қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер. Ал, жас ұрпақ сана-сезімін, ұлттық психологиясын көнеден келе жатқан халықтың болмыс-бітімін танытатын, діліміз мен тіліміздің ерекшелігін айқын көрсететін мұрамыз мақал-мәтелдер арқылы қалыптастырудың мәні мен маңызы орасан зор болмақ.
Keywords : халық оқулығы

ORIGINAL ARTICLE URL

* There may have been changes in the journal, article,conference, book, preprint etc. informations. Therefore, it would be appropriate to follow the information on the official page of the source. The information here is shared for informational purposes. IAD is not responsible for incorrect or missing information.


Index of Academic Documents
İzmir Academy Association
CopyRight © 2023-2026